Thumb

Республика күніне арналған салтанатты іс-шара

🇰🇿 Республика күніне арналған салтанатты іс-шара

Бүгін, 25 қазан – еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі, Республика күні қарсаңында Шымкент қалалық жүрек орталығында салтанатты жиын өтті. Іс-шараның мақсаты – еліміздің егемендігін дәріптеу, тәуелсіздігіміздің қадір-қасиетін ұлықтау және өз еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлерді марапаттау болды.

Салтанатты жиынға орталық басшылығы мен қызметкерлері қатысып, мерекелік көңіл күй орнады. Басшылар өз сөздерінде еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін сақтаудағы әрбір азаматтың еңбегінің маңыздылығын атап өтіп, ұжым мүшелерін мерекемен шын жүректен құттықтады.

Іс-шара барысында орталықтың әр түрлі бөлімдерінің үздік қызметкерлері кәсіби біліктілігі, адал еңбегі және жауапкершілігі үшін алғыс хаттармен және марапаттармен марапатталды.

Мерекелік жиын жылы лебіздер мен жүрек жарды тілектерге толы болды. Қатысушылар еліміздің одан әрі өркендеп, халықтың денсаулығын нығайту жолында адал қызмет етуге дайын екендіктерін жеткізді.

Республика күні – әрбір қазақстандықтың жүрегінде отансүйгіштік сезімін оятатын, елдің тәуелсіздігі мен тұтастығын бейнелейтін ұлық мереке.
Шымкент жүрек орталығының ұжымы барша отандастарды осы мерейлі күнмен шын жүректен құттықтайды!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман болсын! 💙💛

Подробнее