Медицина ғылымдарының докторы
«Шымкент жүрек орталығы» КеАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Н.И. Пирогов атындағы 2-ші Мәскеу мемлекеттік медицина институтын бітірген, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ұлттық кардиология және терапия орталығында клиникалық ординатурадан өткен. Мәскеу қаласындағы А.Н. Бакулев атындағы Жүрек -қан тамырлары хирургиясы ғылыми орталығында медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды, кейіннен Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрлігінің медицина ғылымдарының докторы ғылыми атағы берілді.
Еңбек жолы:
1981–1982 жж. — дәрігер-интерн, №1 Тула қалалық ауруханасы, Тула қ., Ресей Федерациясы;
1982–1984 жж. — дәрігер-интерн, травматолог-дәрігер, №3 Балалар ауруханасы, Фрунзе қ., Қырғыз Республикасы;
1984–1985 жж. — рентгенолог-дәрігер, кардиохирург-дәрігер, Республикалық клиникалық аурухана, Фрунзе қ., Қырғыз Республикасы;
1985–1994 жж. — жүрек-қан тамырлары хирургі, Қырғыз кардиология ғылыми-зерттеу институты, Фрунзе қ., Қырғыз Республикасы;
1994–2003 жж. — жүрек-қан тамырлары хирургі, «SaniKonukoglu» медициналық орталығы, Адана қ., Түркия;
2003–2010 жж. — директордың орынбасары – бас кардиохирург, «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» РМК, Астана қ., Қазақстан Республикасы;
2010 – 2020 ж. тамыз — Басқарма төрағасы, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы.
Курстар, семинарлар және білікті арттыру:
- Каунас медицина институты (Литва)
- А.Н. Бакулев атындағы орталық (Ресей)
- Қазақ медицина академиясы (Қазақстан)
- Шнайдер атындағы балалар медициналық орталығы (Израиль)
- Клиникалық және эксперименталдық медицина институты (Чехия)
- Жүрек трансплантациясы бойынша тренинг (Литва)
- Фрайбург университетіндегі хирургиялық даярлық бағдарламасы (Германия)
- Қақпақшаларды қалпына келтіру бойынша тренинг (Бельгия)
- Жүрек жеткіліксіздігін емдеу бойынша тренинг (АҚШ)
- Инновациялық даму корпорациясы, «Кардиохирургияның өзекті мәселелері» циклы (Астана)
- «Парасат» Қазақстандық медициналық институты, «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» циклы (Астана)
- Қазақстандық кәсіби даму институты, «Балалар кардиохирургиясының өзекті мәселелері» циклы (Астана)
- Қазақстандық кәсіби даму институты, «Жалпы хирургия (трансплантология)» мамандығы және «Трансплантациялық координация және ағзалар донорлығы» циклы (Астана)
Марапаттар мен құрметті атақтары:
- 2006 ж. — «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі
- 2011 ж. — «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі
- 2012 ж. — V Жалпыұлттық патриоттар форумында «Жыл патриоты» атағының иегері
- 2012 ж. — «Жыл дәрігері-2012» номинациясы бойынша «Алтын адам – Жыл адамы» Ұлттық сыйлығының лауреаты
- 2012 ж. — «Парасат» ордені
- 2013 ж. — «Қазақстанның Еңбек Ері» алтын жұлдызы жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі
- 2013 ж. — «Отан» ордені
- 2016 ж. — «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі
- 2018 ж. — «Астана 20 жыл» мерекелік медалі
- 2020 ж. — «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі